Іс-шаралар - №29 жалпы білім беретін орта мектеп https://29-talgar.mektebi.kz/ ru Іс-шаралар - №29 жалпы білім беретін орта мектеп DataLife Engine Ашық есік күні https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=477 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=477 Ашық есік күні

Биылғы оқу жылында Талғар ауданы бойынша  барлық мектептерде  тәжірибе бөлісу мақсатында  «Ашық есік» күні өткізіліп жатыр. 

Дәстүрге айналып үлгерген   шара  15 наурыз күні қарт Алатаудың баурайында орналасқан Бесағаш ауылындағы 50 жылдық тарихы бар қара шаңырақ №29 жалпы білім беретін орта мектепте «Оқу–тәрбие процесіндегі ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы»   тақырыбында жалғасын тапты.

Аудан бойынша өткен іс-шараға Талғар ауданының білім бөлімінің әдістеме кабинетінің басшысы Алтыбаева  Гульзира Карауловна, мектеп басшылары, директордың орынбасарлары және ұстаздар қатысты. 

Әсем безендендірілген мектеп дәлізінде күмбірлеген домбыра үнімен қазақ күйлерін төгілте орындаған оркестр  келген қонақтарды жоғары көңіл күймен қарсы алды. 

Ашық есік күні мектеп директоры Сарсебаева Назым Дауталиевна бастаған мектеп әкімшілігінің «Алғыс» әнімен, мұғалімдердің орындауындағы «Көрісу күні» қойлымымен ашылды. 

«Көрісу күні»көрінісінде өнер көрсеткендер:А.Айтмолдин,А.Караева, Б.Жүнісбек, Қ.Әбдрахман, Б.Байшалов, Б.Беделбекова, М.Жылысбаев, Р.Абдуваитов, А.Муратбай, Ж.Меркібаева, Ж.Жайлау, П.Абылгазиева, Г.Амиралиева, С.Еламанова, Г.Жайнақова және  әжелер.

Директордың оқу-әдістеме орынбасары Кулкыбаева Салтанат Шораевна шараның тақырыбы мен мақсатын таныстыра келе, «Іле Алатауының баурайында орын тепкен, ару қала Алматыдан қашық емес, Талғар ауданына қарасты табиғаты көркем, ажарлы аймақ - Бесағаш ауылында 50 жылдан астам тарихы бар №29 жалпы білім беретін орта мектеп орналасқан.» - деп 1938-1940 жылдардан бергі мектеп тарихы туралы айтып, көрсетті. 

Ауыл, мектеп тарихы туралы тамаша естеліктер, өмірін мектепке арнаған көптеген ұстаздар есімі еске алынып, тарихқа тағзым жасалды. Сонымен қатар мектеп қабырғасындағы бүгінгі оқушыларжетістіктері мен мұғалімдер еңбегінің нәтижелеріне тоқталды.  

Шараның келесі бөлімі бейджиктің бағдарламасындағы QR код арқылы тәжірбие алмасу мақсатындағы ашық сабақтар мен коучингтерде жалғасын тапты. 

Келген мұғалімдер әрбір пән бірлестіктері өз шығармашылықтары мен жетістіктерін қойған «Көрме алаңы»  ежелгі адам өмірін бейнелеген көріністерден бастау алған, қазақ хандығымен жалғасып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бейнелеген көрме және бейнелеу өнері туындылары тағы басқа ұлттық құндылықтар тізілген екі қабатты толық аралап өтіп, ашық сабақтарға кірді. 

Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Махимова МД., Уйгурова С.А.,  Алпысова Ж.А.,  Абдикарова С.,  Ажизова З.А.,  Сабазова С.,  Рвайдарова Г. Имирова А., Досаева А., Тилвалдиев С, Хамраева З.,  Нижникова Л.П.,  Алтыбаева Г.К.,  Искендирова А.,  Рахманова Н., Бекмухамбетова К. Түсен С. Абдикаров Р., Ержанова Д.Е.,  Смирнова Н.Н.

        Ашық сабақтардан кейін  қонақтар шараның үшінші кезеңін тамашалады. 

Ашық іс-шара8, 9 – сынып оқушыларының «Батырлар» биімен жалғасты. 

Мектебімізде оқушылар бойындағы дарынды ашу мақсатында ұйымдастарылып, дарынның қайнар көзіне айналған түрлі ғылыми жобалар өз жұмыстарын көрме, көрініс ретінде көрсетсе, Алматы облысы бойынша табиғаты көркем жерлерді түгел аралаған «Саяхатшылар» жобасының жетекшісі география пәнінің мұғалімі Хожамбердиев Кудрят Турганович өз жұмысының барысымен таныстырды. Сонымен қатар «Жас зерттеуші» клубының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Терликбаева Салтанат Зейнелқызы және биология пәнінің мұғалімі Амирова Динараның оқушылары зерттеу жұмыстарының өзектілігіне тоқталып, таныстырылым жасады. 

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қараева Айнагүл Жакулаевна дайындаған «Әке құдіреті» көрінісінде10 «А» - сынып оқушысы Бағдат Темірлан,  9 «А» сынып оқушысы Құрманжан Меруерт, 6 «Ә» сынып оқушысы Асуханқызы Ақсезім жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қонақтар көзіне жас үйірді. 

Мектеп мұғалімдері: Б.Беделбекова, М.Абильжанова, Г.Есенгазина, Л.Сатаева және ата-аналар тарапынан қатысқан «Әжелер алқасы» халық әндерін шырқады. 

Бірінші  және екінші  жартыжылдықта өз жұмыстарының нәтижелерін көрсету мақсатында шығармашылық есепте үздік шыққан қазақ тілі мен әдебиеті, «МИФ», бастауыш орыс сыныбы пән бірлестіктерінің есебі көрсетілді. 

Музыка пәнінің мұғалімдері Ш.Ахметбекова, М.Авакриева дайындаған ұлдар хорындағы мектеп өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп «Қазақ елі осындай» әнін зор мақтанышпен орындап, Егеменді елдің көк туын жоғарыда желбіретті. 

Талғар ауданының білім бөлімінің әдістеме кабинетінің басшысыГульзира Карауловна кері байланыс бере келе, білікті басшы Назым Дауталиевнаның және  бірлігі мықты ұжымның жұмысына жоғары баға берді. 

Ашық есік күні ұстаздар ұлттық құндылықтарды жан-жақты ашып, көпшіліктің құрметіне бөленді. Келген мектеп басшылары мен мұғалімдер өз тараптарынан жылы лебіздерін білдірді. Жаңалықтарға тоқталып, нәтижелерді атап өтті. Іс-шара мектеп ұжымының ұйымшылдығын, оқушылардың білімі мен өнерінің жарқын көрінісі болғанын ризашылықпен жеткізді. 

Бесағаш ауылындағы киелі шаңырақ №29 орта мектеп өзінің тағы бір тарихи бетін осылайша тамаша жетістікпен жапты. 

Терликбаева Салтанат Зейнелқызы

Талғар ауданы Бесағаш ауылы 

№29 орта мектептің қазақ тілі 

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

]]>
Ашық есік күні

admin Tue, 19 Mar 2024 10:53:19 +0600
№29 жалпы білім беретін орта мектепте Ашық есік күні өтті https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=481 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=481

]]>

]]>
admin Fri, 15 Mar 2024 17:02:07 +0600
Ашық есік күні https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=476 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=476 admin Fri, 15 Mar 2024 10:37:46 +0600 №29 жалпы білім беретін орта мектепте аналар форумы өтті https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=480 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=480

]]>

]]>
admin Mon, 11 Mar 2024 16:32:28 +0600
№29 жалпы білім беретін орта мектепте әкелер форумы өтті https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=479 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=479

]]>

]]>
admin Tue, 05 Mar 2024 15:48:05 +0600
Отчет по воспитательной работе за 1 полугодие 2023-2024 учебный год https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=471 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=471

]]>

]]>
admin Fri, 12 Jan 2024 17:44:23 +0600
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 6 “Б” сынып оқушыларының “Тәуелсіздік тұғырым” атты сынып сағаты https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=470 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=470  16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 6 “Б” сынып оқушыларының “Тәуелсіздік тұғырым” атты  сынып сағаты. Сынып  жетекшісі қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі Айдарбекова Анель Нұрланқызы

]]>
 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған 6 “Б” сынып оқушыларының “Тәуелсіздік тұғырым” атты  сынып сағаты. Сынып  жетекшісі қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі Айдарбекова Анель Нұрланқызы

]]>
admin Fri, 08 Dec 2023 15:03:25 +0600
Математика Информатика пән он күндігі https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=469 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=469

]]>

]]>
admin Tue, 05 Dec 2023 23:47:57 +0600
25 қазан Руспублика күні құтты болсын! https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=453 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=453
]]>

]]>
admin Wed, 25 Oct 2023 17:17:18 +0600
"Тіл - достықтың дәнекері" атты сайыс https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=455 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=455 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7-сыныптар арасында өткен  "Тіл достықтың дәнекері" атты сайыс

]]>
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7-сыныптар арасында өткен  "Тіл достықтың дәнекері" атты сайыс

]]>
admin Wed, 18 Oct 2023 19:38:19 +0600