Қамқоршылық кеңес - №29 жалпы білім беретін орта мектеп https://29-talgar.mektebi.kz/ ru Қамқоршылық кеңес - №29 жалпы білім беретін орта мектеп DataLife Engine Қамқоршылық кеңестің хаттамасы https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=58 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=58 Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №29 жалпы білім беретін орта мектепте қамқоршылық кеңес отырысы өтті.
 

Хаттама № 2

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №29 жалпы білім беретін орта мектепте қамқоршылық кеңес отырысы өтті.

26.03.2018 жыл

Қатысқандар:

қамқоршылық кеңес мүшелері

Күн тәртібінде:

1.Мектепкегіқамқоршылық кеңесінің қызметі туралы

2.Мектептегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына жасалып жүрген көмек туралы.

Тыңдалды :

1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Наманова Р. сөз алды.

Қамқоршылық кеңес жұмысының қызметі оқу-тәрбие процесіне қолдау көрсету, дамыту мақсатында құрылған мектептегі өзін-өзі басқару болып табылады деп атап өтті. Қамқоршылық кеңесі ата-аналар комитетіне мектеп қабырғасында оқушыларға көрсетілген материалдық көмектің көрсетілгенін жеткізіп отыруға міндетті. Мектепті дамытуда бюджеттен тыс қаржылай көмек көрсету, материалды-техникалық, оқу әдістемелік, тәрбие және оқу процесін қаржыландыруға, сынып бөлмелерін жабдықтандыруға, мектеп ғимаратының жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға және мектепке қарасты жер учаскелерін абаттандыру және көптеген т.б. бағытталған ҚК-тің басты мақсатының бірі екенін естен шығармаған жөн екенін де айтты.

Биылғы оқу жылында мектеп директоры Ж.Сағындықованың Талғар АББ жазылған мектеп жанындағы шағын орталықты жабу туралы сұраныстың және мектеп әжетханасын қайта салу туралы Бесағаш ауылдық округіне жазған хаты бойынша осы күнге дейін қанағаттандырылмай отырғандығына байланысты, осы мәселені қамқоршылық кеңесі тарапынан көмек көрсетілуін талап етті.

Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Қасқырбаева А. сөз алып мектептегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына демеушілерденберіліп жатқан көмек туралы айтты. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету, жаңа жыл шыршасына сыйлықтар алу мақсатымен мектебіміздің зейнеткер мұғалімдердің арасында Атежанова Айбарша апайларымыз 10000, Надирова Маржан 5000, Шапиева Қанағат 5000, Құсайнова Айтжамал 5000, Құрмашева Светлана2000 тенгеден демеушілік жасады.

Бұл жиналған 27000 теңгеге Куртукова Галинага 2500 теңгеге сумка, Шпицер Эрикаға 4000 тг аяқ киім және 10 (кулек) жаңа жылдық тәттілер алынды. Мектебіміздің тұрақты зейнеткер демеуші Жунусова Гүлбар апайымыз 10 (кулек) жаңа жылдық тәттілер және «Нұрбастау шапағат» қоғамдық қоры Бек- оглы Сабина 8г және Аюпов Рамазан 4 в сынып оқушыларына куртка мен 5 (кулек) жаңа жылдық тәттілер берілді.

Бесағаш ауылдық әкімдігі Шпицер Александрға 5в –куртка, Шаваев Адиль 5д- куртка, Бектұрған Ақсұңқарға 7а – куртка, Ингамджанова Айжанға 7а – куртка, жеке кәсіпкер Шорманов Мұрат Рүстем Аружанға 5в- куртка мен жаңа жыл кешіне арналған көйлек алып берді .

Әлі де наурыз мерекесіне демеушілердің көмегімен бірнеше баланы киім кешекпен немесе азық – түлікпен қамтамасыз етеміз деген жоспарымыз бар.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, төмендегі шешім шығарылды

ШЕШІМ:

1.Мектеп әжетханасын жөндеу және шағын орталықты жабу туралы сұранысты қамқоршылық кеңесі жадыға алсын.

2.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жалғасын тапсын.

3.Мектептің әлеуметтік педагогтің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын және демеушілер іздеу жұмыстары жалғасын тапсын.

 

Хатшы: Айтжан А.

Хаттама № 3

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №29 жалпы білім беретін орта мектепте қамқоршылық кеңес отырысы өтті.

16.05.2018 жыл

Қатысқандар:

қамқоршылық кеңес мүшелері,

мектеп әкімшілігі

Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есебі

2.Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары туралы

3.Әр түрлі мәселелер

Тыңдалды :

1.Бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Наманова Р. сөз алып, өткізілген жұмыстары туралы есеп берді.

Сонымен қатар, алдыңғы отырыста талқыланғандай мектеп әжетханасының қайта салынуына байланысты Бесағаш ауылдық округіне қамқоршылық кеңесі тарапынан хат жолданғандығы туралы айтып өтті. Бұл мәселе әлі талқылануда.

Талғар АББ жазылған мектеп жанындағы шағын орталықты жабу туралы хаты қарастырылып, жауап берілетіндігі туралы айтылды.

2.Екінші мәселе бойынша, МДТІЖО Беделбекова Б. қамқоршылық кеңесі мүшелерін жазғы демалысты ұйымдастыру ережесімен таныстырды. Осыған орай, оқушылардың жазғы ддемалысын тиімді ұйымдастырып, өткізілуіне қамқоршылық кеңесі өз үлесін қосу қажеттілігін айтып өтті. Осы мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшесі Жунусова Г.М. 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шараға балаларға көмек көрсетуге ұсыныс жасады. Осы ұсынысқа кеңес мүшелері бірауыздан келісті.

3.Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатымен 2018-2019 оқу жылының жоспарына мектеп өмірінебелсенді демеушілерді тарту ұсынылды.

 

Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе, төмендегі шешім шығарылды

ШЕШІМ:

1.Қамқоршылық кеңесінің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

2.Қамқоршылық кеңес тарапынан 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шараға балаларға көмек көрсету ұйымдастырылсын.

3.2018-2019 оқу жылында мектеп өміріне белсенді демеушілерді тарту жандандырылсын.

 

Хатшы:Айтжан А.


]]>

]]>
admin Wed, 30 May 2018 05:12:25 +0600
Қамқоршылық кеңесі https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=55 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=55 Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 


]]>

]]>
admin Fri, 02 Mar 2018 02:51:04 +0600
Қамқорлық кеңесінің жұмыс жоспары https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=54 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=54




]]>

 

 

 

 

 

]]>
admin Fri, 02 Mar 2018 00:12:13 +0600
Мектепшілік қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=53 https://29-talgar.mektebi.kz/index.php?newsid=53









]]>

]]>
admin Fri, 02 Mar 2018 00:09:03 +0600