«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиыны » №29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиыны
14
сентябрь
2018

«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиыны

Салтанатты жиынның қонағы ретінде Бесағаш ауылының әкімі Арынбаев М.Т., Талғар ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Досжанов Асқат Нұрадинұлы, ауылдың құрметті азаматтары, мектеп демеушілері, мәдени-ұлттық орталықтарының өкілдері шақырылды. Жиын «Ерке-Наз» би тобының «Шашу» биімен басталды. 2018-2019 оқу жылына арналған салтанатты жиынды мектеп директоры мектеп түлектерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сөз сөйледі. Құттықтау сөзден кейін мектептің жас жұлдыздары Абдували Әдемі мен Рахым Диас орындаған «Мәңгілік ел» атты көрсеткен композициясы көпшіліктің көңілінен шықты. Мектеп түлектері мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге өздерінің ағалық-әпкелік ақыл-кеңестерін айтып, шағын сыйлықтарын тарту етті. Келесі кезек 1-сынып оқушыларына берілді. Олар жаттап келген тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушылары, мектеп президенті Какен Мақсат және Фахрутдинова Дамира мен Костикова Галинаға, 1 сынып оқушылары Бақытхан Алихан, Еркін Темірлан және Паттарова Бахтинурға берілді.
Салтанатты жиыннан кейін әрбір сыныпта «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Н.Беделбекова
А.Қ.Айтмолдин
Педагог-ұйымдастырушы Ә.М.Төлепбергенова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив