№29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 56-8-26
Есепші бөлімі:
+7(727) 391-51-41
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
№29 мектепте соңғы қоңырау үні сыңғырлады!
25
май
2026
№29 мектепте соңғы қоңырау үні сыңғырлады!
Бүгін, 25 мамыр – мектеп қабырғасындағы қимас та ерекше сәт. №29 жалпы білім беретін орта мектебінде «Білімім – Отаныма!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті. Биылғы 2025/2026 оқу жылының жас түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. ✨ Қымбатты түлектер! Мектепте алған білімдеріңіз — болашақ бақыттарыңыздың кілті, алтын діңгегі. Туған Отанымыз — Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосатын саналы да білімді азамат болатындарыңызға сенеміз!
50 жылдық тарихы бар алтын ұямыздың мерейтойы  «50 жыл — 50 іс-шара»
22
май
2026
50 жылдық тарихы бар алтын ұямыздың мерейтойы «50 жыл — 50 іс-шара»
Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 ЖББМ — жартығасырлық тарихы бар қасиетті білім ордасы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтті. 2025/2026 оқу жылының басында жоспарланған «50 жыл — 50 іс-шара» жобасы толықтай жүзеге асып, мектеп өмірінде жарқын із қалдырған тағылымды шараларға толы болды. 22.05.2026 күні мектеп қабырғасында мерейтойдың қорытынды кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында мектептің қалыптасу жолы, жетістіктері мен
«Таза Қазақстан» акциясы аясында №29 мектепте «Жас түлектер аллеясы» орнатылды.
16
май
2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында №29 мектепте «Жас түлектер аллеясы»
Мектеп түлектері туған білім ордасына деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі ретінде ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама – табиғатты аялауға, қоршаған ортаны көгалдандыруға және келешек ұрпаққа өнеге боларлық маңызды қадам. «Жас түлектер аллеясы» — мектеп пен түлектер арасындағы байланысты нығайтатын, жылдар бойы сақталатын ерекше естелік болмақ. 🌿
«Таза Қазақстан» акциясы аясында №29 мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
15
май
2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында №29 мектеп ауласында көгалдандыру
 Іс-шара барысында мектеп аумағы тазартылып, ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызылды.🌿 Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл жұмыстарға мектеп ұжымы мен оқушылар белсене қатысты.
7  мамыр Отан қорғаушылар күні
06
май
2026
7 мамыр Отан қорғаушылар күні
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Таза Қазақстан: Болашаққа бастар жасыл желек! 🌱
06
май
2026
Таза Қазақстан: Болашаққа бастар жасыл желек! 🌱
  Бүгін, 6 мамыр күні №29 мектеп базасында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті.   Аталған игі іске мектеп басшысы Майра Дюсембаевна арнайы қатысып, ұжыммен бірге жас көшеттерді жерсіндірді. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны абаттандыру, оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мектеп ауласын жасыл желекке бөлеу.   «Бүгін егілген әрбір тал — ертеңгі жайқалып өскен үлкен ағаш, таза ауа мен сұлулықтың кепілі. Бұл біздің туған
Ашимов Амир республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша Алтын медаль иегері атанды!
07
апрель
2026
Ашимов Амир республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша
Талғар ауданы, Бесағаш ауылы №29 орта мектебінің оқушысы Ашимов Амир республикалық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша Алтын медаль иегері атанды! Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Жас дарынға алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! 🌟 Оқушымызды дайындаған жетекшісі Терликбаева С.З.-ға алғыс білдіреміз. 👏 Жеңіс құтты болсын! 👏
«Күй күмбірі» – жүректен шыққан әуен!*🎶
30
март
2026
«Күй күмбірі» – жүректен шыққан әуен!*🎶
*№29 орта мектебінің оркестрі ұлттық өнерімізді дәріптеп, күйдің күмбірін көпшілікке тарту етті. Домбыраның қоңыр үні мен оркестрдің үйлесімді әуені көрермендердің жүрегіне ерекше әсер сыйлады.* Күй – халқымыздың рухани мұрасы, тарихы мен тағдырын бейнелейтін асыл қазына. Орындалған әрбір шығарма ұлттық болмысымызды танытады.
№29 орта мектеп базасында «Каникулдық мектеп» жобасы
21
март
2026
№29 орта мектеп базасында «Каникулдық мектеп» жобасы
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №29 орта мектеп базасында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында «Оқу бағдарламасында мемлекеттік стандарттың оқу мақсаттарын жүзеге асырудағы олқылықтарды жою жолдары» атты семинар-тренинг өтті.
«Каникулдық мектеп» жобасы
20
март
2026
«Каникулдық мектеп» жобасы
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №29 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында «20-наурыз Бақыт күніне» орай мектеп психологтерінің арасында өзара тәжірбие алмасу семинар-тренингі өткізілді. Іс-шара барысында педагогтер оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Семинар қатысушыларға білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа көзқарастар мен практикалық ұсыныстар берді.

Жаңалықтар топтамасы