14
сентябрь
2018
«Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр!» ұранымен денсаулық фестивалі
Түрлі жарыс пен ойын түрлері дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне табысталды. Бастауыш сыныптар арасында эстафеталық жарыстар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. 5- 10 сынып ұлдар мен қыздар арасында өткен волейболдан, жеңіл атлетикадан, асық ату, тоғызқұмалақ, қол күрес, турникке тартылу, зіл көтеру сияқты спорттық жарыстар жоғары деңгейде өтті.
Орын алған барлық оқушылар мектеп лездемесінде мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Беделбекова