Іс-шаралар » Страница 2 » №29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 56-8-26
Есепші бөлімі:
+7(727) 391-51-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы
12
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде лирикалық кеші өтті  Мұқағали Мақатаев – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.  
Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына орай түлектермен тағылымды әрі әсерлі кездесу кеші ұйымдастырылды
09
февраль
2026
Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына орай түлектермен тағылымды әрі
🎉 Кештің атауы: «Самғаған сан қыранды – алтын ұям» Кездесу кеші 3 бөлімнен тұрды: 🎶 І бөлім – концерттік бағдарлама Оқушылардың өнері мен жүрекжарды тілектері кештің сәнін кіргізіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. ☕ ІІ бөлім – фуршет және мамандықтар бойынша дөңгелек үстелдер Түлектер өз мамандықтары туралы әңгімелеп, оқушыларға ақыл-кеңес беріп, болашаққа бағыт-бағдар көрсетті. 📝 ІІІ бөлім – кері байланыс Қонақтар естелік ойларымен бөлісіп, мектепке деген жылы лебіздерін білдірді. Бұл
«Жыл мұғалімі» байқауы
12
январь
2026
«Жыл мұғалімі» байқауы
Мектебімізде «Жыл мұғалімі» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі әсерлі өтті. 🎓✨ Іс-шара барысында ұстаздар өздерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін және жаңашыл көзқарасын көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың еңбегін бағалап, үздік деп танылған мұғалімдер арнайы марапаттарға ие болды. Бұл байқау – ұстаз еңбегін дәріптеп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.  
Халықаралық семинар-тренинг
05
ноябрь
2025
Халықаралық семинар-тренинг
Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуына бағытталған жаңа қадам! 5 қараша күні №29 мектеп қабырғасында «Қазіргі заманғы ағылшын тілін оқыту тәсілдері: оқушылардың шығармашылық және функционалдық ойлауын дамыту» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған халықаралық семинар-тренинг өтті. Бұл іс-шара Талғар аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша ұйымдастырылып, ұстаздарға заманауи әдістемелік тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. 🔹 Семинар барысында
Ардагер ұстаздармен кездесу
03
октябрь
2025
Ардагер ұстаздармен кездесу
 Ұстаздар күні қарсаңында білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ардагер ұстаздарымызды ерекше құрметпен еске аламыз. Ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды.  Олардың өмір жолы — адалдықтың, еңбекқорлықтың және шәкіртке деген шексіз махаббаттың үлгісі. Сіздер сіңірген еңбек пен берген білім әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталады! 💐 Құрметті ардагер ұстаздар, Сіздерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Тәуелсіздік күні
17
декабрь
2024
Тәуелсіздік күні
«Тәуелсіздікке 33 жыл толуына» орай салтанатты мерекелік концерт өткізілді. Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізге сүбелі үлес қосқан бір қатар ұстаздарымыз марапатталды. Соңында мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен түрлі өнерлерін көрсетіп көрермен қошеметіне бөленді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді.
“25-қазан Республика күніне” байланысты сынып сағаттары өткізілді.
28
октябрь
2024
“25-қазан Республика күніне” байланысты сынып сағаттары өткізілді.
25 қазан Республика күніне орай, 29 жалпы білім беретін орта мектебінің мектеп ұжымы мен оқушылары мемлекеттік әнұранды орындады! Еліміздің мәртебесі биік, туымыз көк аспанда желбірей берсін! Қазақ елі мәңгі жасасын!