Психолог бұрышы » №29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 56-8-26
Есепші бөлімі:
+7(727) 391-51-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Каникулдық мектеп» жобасы
20
март
2026
«Каникулдық мектеп» жобасы
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №29 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Каникулдық мектеп» жобасы аясында «20-наурыз Бақыт күніне» орай мектеп психологтерінің арасында өзара тәжірбие алмасу семинар-тренингі өткізілді. Іс-шара барысында педагогтер оқу үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Семинар қатысушыларға білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа көзқарастар мен практикалық ұсыныстар берді.
🏆 «Үздік жыл психологы – 2025»
06
ноябрь
2025
🏆 «Үздік жыл психологы – 2025»
🏆 «Үздік жыл психологы – 2025» байқауында өзінің кәсіби шеберлігін, білімін және тәжірибесін жоғары деңгейде көрсетіп, 🌟 облыстық кезеңге жолдама алды. Дина Болатовна мен Самира Амантаевнаны құттықтаймыз! 👏 Олардың еңбегі мен жанашырлығы — оқушылардың бақытты болашағына қосқан зор үлес! 💛
Жас мамандармен жұмыс
01
ноябрь
2025
Жас мамандармен жұмыс
Жас мамандардың эмоционалды тепе-теңдігін сақтау, ішкі күйзелісті азайту, позитивті ойлау мен өз-өзін реттеу дағдыларын дамыту. Семинар барысында жас мамандар өз эмоцияларын басқару, жағымсыз сезімдерді жеңу, арман мен мақсатқа бағытталу дағдыларын меңгерді. Топта жылы, сенімді атмосфера қалыптасты.
Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңі
30
сентябрь
2025
Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңі
Мектеп табалдырығын аттаған сәт – әр бала үшін үлкен өмірлік қадам. Жаңа орта, жаңа ережелер, жаңа эмоциялар... 💫 Психолог ретінде менің мақсатым – осы кезеңде балалардың өздерін сенімді әрі жайлы сезінуіне көмектесу. Бүгін біз бейімделу деңгейін анықтау үшін Керн–Йерасек тесті мен «Моншақ» әдістемесін қолдандық. Бұл әдістемелер баланың: 💭 зейінін 🖍️ ұсақ моторикасын 🧠 есте сақтау қабілетін 🎨 қабылдау ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі. Әр нәтиже – баланың дамуы мен оқу процесіне бейімделуін