22
май
2026
50 жылдық тарихы бар алтын ұямыздың мерейтойы «50 жыл — 50 іс-шара»
Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 ЖББМ — жартығасырлық тарихы бар қасиетті білім ордасы биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтті. 2025/2026 оқу жылының басында жоспарланған «50 жыл — 50 іс-шара» жобасы толықтай жүзеге асып, мектеп өмірінде жарқын із қалдырған тағылымды шараларға толы болды.
22.05.2026 күні мектеп қабырғасында мерейтойдың қорытынды кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында мектептің қалыптасу жолы, жетістіктері мен тарихы қамтылған арнайы кітаптың тұсауы кесіліп, жарыққа шықты.
50 жылдық тарихы бар алтын ұямыздың мерейтойы — ұстаздар, түлектер, ата-аналар мен оқушылардың ортақ мақтанышы! Мектебіміздің мерейі артып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!