14
сентябрь
2018
«Тілдер» мерекесіне арналған айлықтың ашылуы
5-6 сынып оқушылары тіл туралы тақпақтарын жаттап, қазақ, орыс, ағылшын, ұйғыр тілінде мәнерлеп айтып шықты.
10 сынып оқушылары Бекмұханбет Маулен мен Арыкова Аружан жиынды екі тілде (қазақ және орыс тілінде) жүргізді.
Қазақ тілінің жанашыры Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны туралы бейнетаспа жиынның барысында көрсетілді.
Сонымен қатар, жиын мектептің өнерпаз оқушылары дайындап келген шағын концертпен ұласты.
Оқушылар айлық барысында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды. Айлық өз бастамасын алып, іс-шаралар жалғасын табуда.