Ашық есік күні » №29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72774) 56-8-26
Бухгалтерия
+7(727) 391-51-41
Версия для
слабовидящих
19
март
2024

Ашық есік күні

Ашық есік күні


Биылғы оқу жылында Талғар ауданы бойынша  барлық мектептерде  тәжірибе бөлісу мақсатында  «Ашық есік» күні өткізіліп жатыр. 


Дәстүрге айналып үлгерген   шара  15 наурыз күні қарт Алатаудың баурайында орналасқан Бесағаш ауылындағы 50 жылдық тарихы бар қара шаңырақ №29 жалпы білім беретін орта мектепте «Оқу–тәрбие процесіндегі ұлттық құндылыққа бағытталған білім берудің маңыздылығы»   тақырыбында жалғасын тапты.


Аудан бойынша өткен іс-шараға Талғар ауданының білім бөлімінің әдістеме кабинетінің басшысы Алтыбаева  Гульзира Карауловна, мектеп басшылары, директордың орынбасарлары және ұстаздар қатысты. 

Әсем безендендірілген мектеп дәлізінде күмбірлеген домбыра үнімен қазақ күйлерін төгілте орындаған оркестр  келген қонақтарды жоғары көңіл күймен қарсы алды. 

Ашық есік күні мектеп директоры Сарсебаева Назым Дауталиевна бастаған мектеп әкімшілігінің «Алғыс» әнімен, мұғалімдердің орындауындағы «Көрісу күні» қойлымымен ашылды. 

«Көрісу күні»көрінісінде өнер көрсеткендер:А.Айтмолдин,А.Караева, Б.Жүнісбек, Қ.Әбдрахман, Б.Байшалов, Б.Беделбекова, М.Жылысбаев, Р.Абдуваитов, А.Муратбай, Ж.Меркібаева, Ж.Жайлау, П.Абылгазиева, Г.Амиралиева, С.Еламанова, Г.Жайнақова және  әжелер.

Директордың оқу-әдістеме орынбасары Кулкыбаева Салтанат Шораевна шараның тақырыбы мен мақсатын таныстыра келе, «Іле Алатауының баурайында орын тепкен, ару қала Алматыдан қашық емес, Талғар ауданына қарасты табиғаты көркем, ажарлы аймақ - Бесағаш ауылында 50 жылдан астам тарихы бар №29 жалпы білім беретін орта мектеп орналасқан.» - деп 1938-1940 жылдардан бергі мектеп тарихы туралы айтып, көрсетті. 

Ауыл, мектеп тарихы туралы тамаша естеліктер, өмірін мектепке арнаған көптеген ұстаздар есімі еске алынып, тарихқа тағзым жасалды. Сонымен қатар мектеп қабырғасындағы бүгінгі оқушыларжетістіктері мен мұғалімдер еңбегінің нәтижелеріне тоқталды.  

Шараның келесі бөлімі бейджиктің бағдарламасындағы QR код арқылы тәжірбие алмасу мақсатындағы ашық сабақтар мен коучингтерде жалғасын тапты. 

Келген мұғалімдер әрбір пән бірлестіктері өз шығармашылықтары мен жетістіктерін қойған «Көрме алаңы»  ежелгі адам өмірін бейнелеген көріністерден бастау алған, қазақ хандығымен жалғасып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бейнелеген көрме және бейнелеу өнері туындылары тағы басқа ұлттық құндылықтар тізілген екі қабатты толық аралап өтіп, ашық сабақтарға кірді. 


Ашық сабақ өткізген мұғалімдер: Махимова МД., Уйгурова С.А.,  Алпысова Ж.А.,  Абдикарова С.,  Ажизова З.А.,  Сабазова С.,  Рвайдарова Г. Имирова А., Досаева А., Тилвалдиев С, Хамраева З.,  Нижникова Л.П.,  Алтыбаева Г.К.,  Искендирова А.,  Рахманова Н., Бекмухамбетова К. Түсен С. Абдикаров Р., Ержанова Д.Е.,  Смирнова Н.Н.

        Ашық сабақтардан кейін  қонақтар шараның үшінші кезеңін тамашалады. 

Ашық іс-шара8, 9 – сынып оқушыларының «Батырлар» биімен жалғасты. 

Мектебімізде оқушылар бойындағы дарынды ашу мақсатында ұйымдастарылып, дарынның қайнар көзіне айналған түрлі ғылыми жобалар өз жұмыстарын көрме, көрініс ретінде көрсетсе, Алматинская область бойынша табиғаты көркем жерлерді түгел аралаған «Саяхатшылар» жобасының жетекшісі география пәнінің мұғалімі Хожамбердиев Кудрят Турганович өз жұмысының барысымен таныстырды. Сонымен қатар «Жас зерттеуші» клубының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Терликбаева Салтанат Зейнелқызы және биология пәнінің мұғалімі Амирова Динараның оқушылары зерттеу жұмыстарының өзектілігіне тоқталып, таныстырылым жасады. 


    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қараева Айнагүл Жакулаевна дайындаған «Әке құдіреті» көрінісінде10 «А» - сынып оқушысы Бағдат Темірлан,  9 «А» сынып оқушысы Құрманжан Меруерт, 6 «Ә» сынып оқушысы Асуханқызы Ақсезім жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қонақтар көзіне жас үйірді. 

Мектеп мұғалімдері: Б.Беделбекова, М.Абильжанова, Г.Есенгазина, Л.Сатаева және ата-аналар тарапынан қатысқан «Әжелер алқасы» халық әндерін шырқады. 

Бірінші  және екінші  жартыжылдықта өз жұмыстарының нәтижелерін көрсету мақсатында шығармашылық есепте үздік шыққан қазақ тілі мен әдебиеті, «МИФ», бастауыш орыс сыныбы пән бірлестіктерінің есебі көрсетілді. 

Музыка пәнінің мұғалімдері Ш.Ахметбекова, М.Авакриева дайындаған ұлдар хорындағы мектеп өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп «Қазақ елі осындай» әнін зор мақтанышпен орындап, Егеменді елдің көк туын жоғарыда желбіретті. 

Талғар ауданының білім бөлімінің әдістеме кабинетінің басшысыГульзира Карауловна кері байланыс бере келе, білікті басшы Назым Дауталиевнаның және  бірлігі мықты ұжымның жұмысына жоғары баға берді. 

Ашық есік күні ұстаздар ұлттық құндылықтарды жан-жақты ашып, көпшіліктің құрметіне бөленді. Келген мектеп басшылары мен мұғалімдер өз тараптарынан жылы лебіздерін білдірді. Жаңалықтарға тоқталып, нәтижелерді атап өтті. Іс-шара мектеп ұжымының ұйымшылдығын, оқушылардың білімі мен өнерінің жарқын көрінісі болғанын ризашылықпен жеткізді. 


Бесағаш ауылындағы киелі шаңырақ №29 орта мектеп өзінің тағы бір тарихи бетін осылайша тамаша жетістікпен жапты. 



Терликбаева Салтанат Зейнелқызы

Талғар ауданы Бесағаш ауылы 

№29 орта мектептің қазақ тілі 

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив