Мектеп директоры » №29 жалпы білім беретін орта мектеп
Алматинская область білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№29 жалпы білім беретін мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72774) 56-8-26
Бухгалтерия
+7(727) 391-51-41
Версия для
слабовидящих
31
март
2021

Мектеп директоры


Өмірбаян 

Сарсебаева Назым Дауталиевна, 20.08.1969 ж. Алматы қаласында туған, ұлты қазақ, Алматинская область Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы, Жақып улица 6 үйде тұрады. 

     Білімі: жоғары, санаты: жоғары, педагог-зерттеуші. Есік қалалық педагогикалық училищесі, РШО, бастауыш сынып мұғалімі, 1989 ж.,  «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық университет, ПМНО,2000 ж., «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық университет, филология, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,2007 ж.

  Назым Дауталиевна, 1976 – 1986 жж Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепте оқыды,  еңбек жолын 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде биология факультетінде препаратор болып бастады. 

1989 жылы Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі қызметіне қабылданды.

2003–2008 жылдары Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

2008 - 2014 жылдары Алматы қаласы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында басшы қадрлар кабинетінің жетекшісі, кейін педагогикалық технологиялар зертханасының меңгерушісі, 

2012 – 2014 жж. «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығының аға оқытушысы, Мониторинг орталығының аға әдіскері,

 2013 - 2014 жылдары  Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің тренері қызметтерін атқарды.

2014 жылдың 11 қарашасынан – 2018 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Талғар ауданы Қарабұлақ ауылы №22 мектеп директоры қызметін атқарды

2018 жылы қыркүйек айынан Алматинская область Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп директоры боп жұмыс істейді. 

   Назым Дауталиевна,  аудан, ауыл көлеміндегі барлық іс шараларға белсене қатысады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2007 -2014 жж. Алматы қаласы №24 сайлау округі комиссиясының төрайымы, 2014-2018 жж. Қарабұлақ ауылы  №774 сайлау участкелік комиссиясының төрайымы, 2018 жылдан Бесағаш ауылы №864 сайлау участкелік комиссиясының төрайымы.

    Мектеп басшыларына арналған «Заманауи мектептегі мектепішілік бақылау» әдістемелік   құралын қазақ тіліне аударды.

     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жылсайынғы өткізілетін екінші Назарбаев оқуларына» қатысып, халықаралық ғылыми конференция мақалаларының жинағында еңбегі жарық көрді.

    Көптеген аудан, облыс, Білім және ғылым министрінің  мадақтама, алғыс хаттармен марапатталған.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив